Мәжіліс төрағасы Nur Otan партиясының атауын «Аманат» деп өзгертуді ұсынды
Мәжіліс төрағасы Nur Otan партиясының атауын «Аманат» деп өзгертуді ұсынды
Фото: mail.kz
451
оқылды

Астанада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Nur Otan партиясының кезектен тыс съезі өтіп жатыр.

Съезде Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Nur Otan партиясының атауын «Аманат» деп өзгертуді ұсынды. Оның айтуынша, партияның сайлауалды бағдарламасы бойынша бақылау күшейтіледі. «Депутаттардың халықпен тығыз байланысты басты назарда болады. Депутаттар жақын арада халық арасында болып, мұң-мұқтажын тыңдады. Өңipлермен байланыс күшейді. Қоғам үлкен өзгерістер алдында тұр, Елiмiз Жаңа Қазақстан құрады. Осыґан орай партия да елмен бірге жаңғыруы тиic. Партияның атауын «Аманат» деп өзгертуді ұсынамын», – деді ол.