«Нұр Жолы» кеден бекетінің басшылары ұсталды – видео
«Нұр Жолы» кеден бекетінің басшылары ұсталды – видео
Фото: el24.kz
675
оқылды

Қытаймен шекарадағы «Нұр Жолы» кеден бекетінің бірқатар лауазымды тұлғасына қатысты заңсыздық әшкереленді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі хабарлады.

Биыл 28 ақпанда Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Бас прокуратураның Ішкі тергеу департаментімен бірлесіп Қытаймен шекарада «Нұр Жолы» кеден бекетінің бірқатар лауазымды тұлғасына қатысты қылмыстық әрекеттің жолын кесті.
Жүргізілген жедел біріктірудің нәтижесінде, қылмыстық әрекетті имитациялаған қадағалау органының қызметкеріне жүргізілген тексеру бойынша мәселелерді оң шешкені үшін 50 мың АҚШ доллары мөлшерінде пара беру фактісі құжат түрінде рәсімделген.
Аталған факті бойынша «Нұр Жолы» кеден бекетінің басшысы мен оның орынбасары ұсталды. Сонымен қатар, уәкілетті экономикалық операторлардың бірінің өкілі тексерушілерге 30 мың АҚШ доллары көлемінде пара бергені, ірі көлемде тауар контрабандасын жасырғаны үшін ұсталды.   https://youtu.be/fXFeDEsTPMk Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл қаңтар айынан бастап Бас прокуратура қызметкерлерінің басшылығымен кеден бекеттерінде уәкілетті экономикалық операторлардың қызметіне тексеру жүргізіліп жатыр. Тергеу жалғасуда, өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес, жария етілмейді.

Бұған дейін шекара маңындағы станция басшыларының қызметтен кеткенін хабарлаған болатынбыз.