Соғыстан бас сауғалаған тұрғындар туған елінен үдере көшіп жатыр. Соңғы 6 күнде Украинадан 835 мың адам кеткен. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымы мәлім етті, – деп жазады 24.kz.
Қазір босқындар негізінен, Польшаға кетіп жатыр. «Әл-Жазира» телеарнасы украиналықтардың жартысынан астамы Польшадан пана іздейтінін мәлім болды.
Польша премьер-министрі Еурокеңес басшысымен бірге шекара маңындағы Корчова елдімекеніне барып, босқындармен жүздесті.
Кездесу барысында Еуроодақ өкілі атыс-шабыстан қашқан азаматтарға адамгершілік таныту еуропалықтардың борышы екенін жеткізді.