АҚШ Ресей президенті Владимир Путинмен байланысы бар бизнесмендер мен саясаткерлерге санкция салды, – деп хабарлады 24.kz.
Қара тізімдегі 7 миллиардердің активі толық бұғатталды. Оның арасында, арасында ресейлік магнат Алишер Усманов, «Транснефть» президенті Николай Токарев, «Ростех» бас директоры Сергей Чемезов және Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков та бар.
АҚШ қаржылай шектеу олигархтарды Путиннен алшақтатып, оны Украинадағы әскери қимылдарды тоқтатуға итермелейді деп үміттенеді.
Санкциялар тағы 19 ресейлік кәсіпкер мен олардың жақындарына және бірнеше заңды тұлғаға да салынды.
Ақ үй баспасөз хатшысы Джен Псаки: «Біз бұл санкцияларды салғанда бірінші кезекте бұл тұлғалардың президент Путинмен жақындығын ескердік. Ресей басшысы және оның айналасындағы адамдар Украинадағы жағдайдың салдарын сезінсе деп ойлаймыз», – дейді.
Байлардың активтері мен яхталары құрықталып, балаларын Батыс елдеріндегі оқу орындарына жібере алмайды. Бұған дейін салынған санкциялар Ресейдің қаржы нарығына әсер етіп, қор нарығы жабылып қалды.