Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектеновті қабылдады, – деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің биылғы атқарған жұмысының нәтижелері және резонанс тудырған қылмыстық істердің тексерілу барысы туралы есеп берілді.