Қазақстан 41 млн долларға гүл сатып алды
Қазақстан 41 млн долларға гүл сатып алды
Фото: Айтжан Мұрзанов
594
оқылды

Былтыр Қазақстанға 41,8 млн АҚШ долларына шетелден гүл жеткізілген. 2020 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 39,6%-ға көбейген. Ал елден экспортталған гүл көлемі 2,4 млн долларға бағаланған. Сонымен бірге шетелден ең көп алынатын гүл раушан екені анықталды.

Елден 2,4 млн доллары көлемінде гүл экспортталған. Бұл 2020 жылғымен салыстырғанда 18,6%-ға аз. Қазақстаннан басқа елдерге жіберілетін гүлдің 66,5%-ы раушан (1,6 млн доллар), 12,1%-ы қалампыр (293,8 мың доллар), 8,7%-ы хризантема (210,8 мың доллар), 1%-ы лалагүл (24,1 мың  доллар), 0,4%-ы орхидеялар (8,9 мың доллар), 0,2%-ы ранункулус (4,2 мың доллар). 2021 жылы Қазақстанға 41,8 млн долларға шетелден гүл жеткізілген. Оның ішінде де ең көбі - раушан (68%), оған 28,4 млн доллар төленген. 4,8 млн долларға хризантема (11,4%), 1,4 млн долларға лалагүлдер (3,3%), 1,1 млн долларға - қалампыр (2,7%), 158,4 мың долларға орхидеялар (0,4%), 65,8 мың долларға ранункулус (0,2%). Қазақстанда өскен гүлдің көп бөлігі Ресейге, Қырғызстанға және Өзбекстанға жеткізіледі.  Ал Қазақстанда сатылып жатқан гүлдердің көбі Эквадорда, Нидерландта, Колумбияда, Кенияда, Израильде өседі.  Осылайша, Қазақстанда кесілген гүлдер мен бүршіктердің тауар айналымы 2021 жылы 44,2 млн АҚШ доллары болған. Бұл 2020 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 34,3%-ға артық. 2020 жылы гүлдердің тауар айналымы 32,9 млн АҚШ доллары болған. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігі хабарлады.