Боран басылған соң астанадан шығатын жолдар қайта ашылды. Көлік қозғалысы қалпына келді.
Ikomek-тің мәліметінше, бүгін сағат 12.00-ден бастап Нұр-Сұлтаннан шығатын республикалық жолдар ашылды. Атап айтқанда, «Нұр-Сұлтан – Петропавл» жолының 18-231 шақырымдарының аралығы, «Нұр-Сұлтан – Щучинск», «Нұр-Сұлтан – Жақсы ауылы» және «Екатеринбург – Алматы» жолының 917-1247 шақырымы аралығында көліктің барлық түрінің қозғалысына рұқсат берілді.Таңертең ауа райына байланысты астана маңына қатынайтын бірнеше автобус жүрмейтінін жазған болатынбыз.