Ауа райына байланысты астана маңына қатынайтын бірнеше автобус жүрмейді
Ауа райына байланысты астана маңына қатынайтын бірнеше автобус жүрмейді
Фото: yandex.kz
171
оқылды

Нұр-Сұлтанда қала маңына қатынайтын тағы бірнеше автобус бағдары жүрмеді. Бұл туралы City Transportation Systems компаниясы хабарлады.

Ауа райының нашарлауына және трассаның жабық болуына байланысты, қала маңына қатынайтын № 305, 306, 310, 311, 312, 315, 316, 318, 326 бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылған. Сондай-ақ №302, 303, 320 бағдарлар «Лесная поляна» тұрғын үй аймағына кірмейді. Бұдан бөлек, қала маңына қатынайтын бағдарлар тұрақты жұмыс істеп жатыр.