Рубль тағы құлдырап кетті
Рубль тағы құлдырап кетті
254
оқылды
Bloomberg мәліметтеріне сәйкес, 7 наурызда Forex-те доллар мен еуро рубльге қатысты барлық кезеңдегі ең жоғары деңгейге көтерілді және жұма күнге қарағанда шамамен 20%-ға жоғары саудаланды. Мәскеу уақыты бойынша сағат 12:23-тегі жағдай бойынша еуроның рубльге шаққандағы бағамы 143,37 рубльге, доллар 133 рубльге дейін көтерілді. Сонымен қатар, бұған дейін сауда барысында еуро 145,869 рубльге, доллар 140,2547 рубльге жеткен. Ресей банкі 5, 7 және 8 наурызда Мәскеу биржасының барлық нарықтарында сауда жасамау туралы шешім қабылдады.