Түркістан облысынан 100 жылдық арба табылды
Түркістан облысынан 100 жылдық арба табылды
©24.kz
401
оқылды

Түркістан облысы Шұбар ауылындағы Арыс өзенінен табылған мұра – ХІХ-ХХ ғасырға тиесілі. Қажымұқан атындағы облыстық музейдің мамандардың айтуынша, екі доңғалағы ғана сақталған арба су түбінде ұзақ жатқан. Темір бөлшектері мен құрастыру технологиясына қарай құнды жәдігер 1920-1940 жылдары қолданылған екен.

– Алдағы уақытта білікті маман реставраторларды Отырар музейіне шақыртып, кеңеспекпіз. Реставрация жөнінде жұмыс атқарамыз деген мақсат бар. Алдымен арбаны бастапқы қалпына келтіріп, содан кейін зерттеу жұмыстары жүргізіледі, – деді облыстық Қажымұқан спорт музейінің сектор меңгерушісі Ерік Әшірбердиев. Оның айтуынша, бұған дейін де ауыл маңындағы көне қала орнынан құмыра мен тұрмыстық ыдыстар табылған. Қазір барлық археологиялық жәдігерлер жергілікті Ишан базар мешіт-музейінде сақтаулы тұр.