Парламенті мәжілісінің депутаты, AMANAT партиясының фракция мүшесі Ерлан Саиров елдегі азық-түлік және тауар бағасының күрт өскенін, девальвация халықтың жағдайына кесірін тигізгенін айтып, Премьер-министр Әлихан Смайловқа сауал жолдады.
Депутаттың дерегінше, шиеленіс аймағында Қазақстандық кәсіпкерлерге тиесілі 1007 жүк вагоны тұрып қалған, 680 жүк вагоны шиеленіс аймағына жетпей тоқтатылған. Транзит құны екі есеге өсіп кеткен. [caption id="attachment_187374" align="aligncenter" width="1200"] Ерлан Саиров. Фото: liter.kz[/caption]"Логистиканың бұзылуына байланысты Еуропадан елімізге келетін тұқым, тыңайтқыш, өсімдіктерді қорғау құралдарын жеткізу қиындап кетті. Көктемгі егістік жұмыстарына тұтынуға қажетті ауқымның 50%-ы ғана жеткізіледі деген болжам бар. Отандық бизнес өкілдері жүздеген миллион теңге шығынға ұшырап жатыр. Мұдай кезде үкімет ширақ болу маңызды", – деді Ерлан Саиров.Оның айтуынша, Қазақстанның бизнесі көптеген халықаралық сауда брендтерімен Ресей арқылы жұмыс істеген. Олар Ресей нарығынан шығып жатыр. Мұнай тасымалдау мәселесі де өзекті болып тұр.
"Неге үкімет кезінде мұнай тасымалы, сауда брендтерінің балама логистикасын ойластырмаған? Ресей рублінің тез босаңсуы біздің елімізге көршімізден азық-түліктің импортының еселеп өсуіне алып келуі мүмкін. Бұл өз кезегінде Қазақстанның азық-түлік өндірушілердің жағдайын мүлдем тұралатып жіберуі ықтимал. «Жығылған үстіне жұдырық» болып халқымызды баға мен девальвация алқымынан қысып жатыр", – деді депутат.Ол ремьер-министрге AMANAT партиясының сайлаушылары атынан бірнеше сауал жолдады.
"Қазақстанның тасымал логистикасын әртараптандыруға қандай қадамдар жасалып жатыр? Халықаралық сауда брендтерінің Қазақстанмен тікелей жұмыс істеуін қамтамассыз ету үшін не істеліп жатыр? Мұнай тасымалын әртараптандыруға қандай әрекет жасалды? Жалпы турбуленттік кезеңде, Қазақстанның экономикалық мүдделерін қорғаудың жаңа философиясы бар ма?", – деген сауал жолдады.