Қазақстанда Ashyq жүйесі мен маска тағу алып тасталды
Қазақстанда Ashyq жүйесі мен маска тағу алып тасталды
©Радмир Фахрутдинов
474
оқылды
Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, – деп хабарлады primeminister.kz Кеңеске мемлекеттік органдардың өкілдері мен өңірлердің басшылары қатысты. Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануын ескере отырып, Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мына шектеулерді алып тастауға шешім қабылдады: Бірінші. Эпидемиологиялық тәуекелдің «сары» және «жасыл» аймақтарында орналасқан өңірлердегі барлық объектілерде: «Ashyq» мобильді қосымшасын міндетті түрде қолдану; әлеуметтік қашықтықты сақтауға қойылатын талаптар; міндетті термометрия. Екінші. Эпидемиологиялық қауіп-қатердің барлық аймақтарында ашық ауада маскаларды міндетті түрде кию. Үшінші. COVID-19-ға қарсы вакцина алмаған қызметкерлер үшін күндізгі режимдегі жұмысқа рұқсат беруді шектеу (қызмет көрсету саласының объектілері). Төртінші. Вахталық әдіспен жұмыс істейтін ұйымдардың қызметкерлері үшін вахтаға кіру және шығу кезінде ПТР әдісімен міндетті зертханалық тестілеу. Кеңес соңында Е. Тоғжанов әкімдіктерге азаматтарды иммундау мен ревакциналау қарқынын күшейтуді тапсырды.