Өңірлерде партия жұмысы жанданып жатыр
Өңірлерде партия жұмысы жанданып жатыр
315
оқылды
«AMANAT» партиясының 1 нау­рыздағы кезектен тыс ХХІІ съезінен кейін саяси ұйым­ның орталық аппараты еліміздің барлық аймақтары мен аумақтарынан жұмысты жаңғырту бойынша ұсынысты жинады. Партия жұмысын жандан­дыруға аймақтық және аудандық пар­тияның филиалдары, партия­лас­тар, сарапшылар, қоғам белсен­ділері, ұйымның ардагерлері, жас­тар және тағы басқа қоғам өкілдері өз ұсыныстарымен атсалысты. Осы ұсыныстардың бәріне талдау жа­салып, сараланды. Съезде айтылған партияны модернизациялаудың 7 басымдығы Қазақстанның әр ай­мақтарынан қызу қолдау тапты. Саяси ұйымның жұмысын одан әрі қарай жандандыру мақса­тында «AMANAT» партиясы Пав­лодар облыстық филиалының төрағасы Әбілқайыр Сқақовтың қатысуымен өңірлік партия акти­ві­нің жиыны өтті. Әбілқайыр Сқақов партактивтің отырысында өңірдегі партия жұмысына сарап­тама жасап, съезде қабылданған шешімдер бойынша жергілікті құрылымдарға нақты тапсырма берді. Сондай-ақ облыстық партия филиалының төрағасы партиялық активтердің жұмыстарын қалалық және аудандық деңгейде өткізуді тапсырды. Осыған орай өңіріміздің бар­лық аудандары мен қалаларында партия активтерінің жұмыстары өтті. Оларға облыстық «AMANAT» фи­лиалы партиясының қызметкер­лері де онлайн форматта қатысты. Соның бірі – партияның Ус­пенка аудандық филиалы активінің отырысы аудандық филиал төра­ғасы Иван Дычконың жетекшілі­гімен өтіп, оған «AMANAT» пар­тия­сы облыстық филиалының ат­қарушы хатшысы Илья Теренченко онлайн форматта қатысты. Иван Дычко республикалық съезде ұсы­нылған басымдықтар бойынша партияластарына тиісті тапсырма берді. Жиын барысында аудандағы партия ардагері Александр Ви сая­си ұйымды жаңғырту бойынша өз пікірімен бөлісіп, оған өңірдегі әріп­тестері өз көзқарастарын біл­дірді.