Өңірдің өзекті мәселелері талқыланды
Өңірдің өзекті мәселелері талқыланды
598
оқылды
Өңірде 904 мемлекеттік ор­та білім беру мекемесі болса, оның 51-і – саманнан салынған, әбден тозығы жеткен. Бұл ту­ралы бүгін «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық мәслиха­тындағы фракцияның мәжілі­сінде мәлімделді. «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының атқарушы хат­шысы, фракция жетекшісі Бей­сен Тәжібаевтың төрағалығымен өткен жиынның күн тәртібінде 3 өзек­ті мәселе қаралды. Олар: об­лыстағы апатты мектептердің жағ­дайы; облыстың қазба байлықтары және жер қойнауын пайдалану; 2022 жылғы бюджетке толықтыру­лар мен өзгерістер енгізу жайы. Түр­кістан облыстық Адами әлеует­ті дамыту басқармасы бас­шы­­сының міндетін атқарушы Амантай Өсер­баевтың айтуынша, биыл 4 апатты жағ­дайда тұрған және 2 үш ауы­сыммен оқытатын мектептерге құ­ры­лыс жүргізіліп жатыр. Жыл соңы­на дейін олардың 4-еуінің құры­лысы аяқталып, пайдалануға берілуі тиіс. – Облыстық мәслихат депутат­тарының ұсынысы негізінде бас­қар­ма тарапынан жұмысшы топ құры­лып, аудан және қалаларда мони­торинг жүргізілді. Нәтиже­сінде, биыл 52 мектепте үш ауы­сымда білім беріп жатқаны және ғимараты сабаннан салынған апатты жағдайдағы 51 мектеп жұ­мыс істеп тұрғаны анықталды, – деді А.Өсербаев. Фракция жетекшісі Бейсен Тәжібаевтың айтуынша, былтырдан бастап жер қойнауын пайдалану мәселесіне зерделеу жұмыстары қар­қынды жүргізіліп, нәтижесінде заңбұзушылық азайды. Кентау қа­ласы мен Шардара, Отырар, Созақ, Сауран аудандары заңбұзушылық бойынша алда тұр. Мониторинг нәтижесі туралы облыстық Инвес­тиция және экспорт басқармасының басшысы Қайрат Әзімов баяндады. – Рейдтік шаралардың нәти­жесінде облыс аумағында 18 келі­сімшарт пен 4 лицензияның күші мерзімінен бұрын тоқтатылды. 2021 жылы 55 құқықбұзушылық анық­талып, 43 факті бойынша келтіріл­ген залалдарды өндіру үшін Эко­логия департаментіне жолданған. Биыл да облыстық жұмысшы топ заңсыз жер қойнауын пайдаланушы тұлғаларға рейдтер жүргізуді жос­парлап отыр, – дейді басқарма басшысы. Жиын барысында жергілікті Полиция басқармасының басшысы Асылхан Төреханов осы мәселені жалғап, заңсыз жер қойнауын пай­даланып жатқан тұлғаларға қарсы қолға алынған тәртіптік іс-шаралар туралы баяндады. Депутаттар апат­ты мектеп санын азайту, жер қой­науын заңсыз пайдаланушыларға тосқауыл қою жұмыстары күшейе­тінін айтып, жауапты басшыларға ұсынысын жеткізді. Қоғамдық бақылауда тұрғанын ескертті. Сондай-ақ 2022 жылғы бюджетке толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы облыстық Стратегия және экономикалық даму басқарма­сының басшысы Қанат Қайыпбек хабарлама жасады. Мәжілісті түйіндеген Б.Тәжі­баев күн тәртібінде қаралған мә­селелер облыстық мәслихаттың ке­зекті сессия отырысына ұсыны­латынын, әрбір мәселе фракция қа­дағалауында болатынын жеткізді.