Партияның араласуымен әлеуметтік мәселе оң шешілді
Партияның араласуымен әлеуметтік мәселе оң шешілді
346
оқылды
«AMANAT» партиясының Орал қалалық қоғамдық қабыл­дауына келіп, түрлі әлеуметтік мәселені көтеретін, жеке өз­де­ріне көмек сұрайтын азаматтар аз емес. Олардың шағымы еш­қашан назардан тыс қал­майды. «Көшеміздің іргесінде орман тиіп тұр, мұнда небір бұзақылар жүреді. Сондықтан тентек біреу-міреу ұрынып жүре ме деп баламыз мектепке барып-келгенше уайым­даумен боламыз. Амалымыз тау­сыл­ғасын, «AMANAT»-тың қоғам­дық қабылдауына барып, жәрдем сұрадық. Арада бір ай өткенде бірден үш көшеге жарық жүргізіп бер­ді. Сол күні қатты қуанғаннан үйі­мізге кіргіміз келмей ұзақ уақыт сырт­та жүрдік. Өтінішімізді орын­даған «AMANAT»-қа мың алғыс!»,– дейді жергілікті тұрғын Динара Қабиева. Халықпен тұрақты кездесіп, мұң-мұқтажын тыңдаған депу­тат­тардың айтуынша, бұқараны тол­­­ғандыратын мәселелердің дені – әлеу­меттік жағдай. Тұр­ғындар ау­ла­ны абаттандырып, жарық жүр­гізіп, көшені асфальттап, балаларға ойын алаңдарын салып беруді сұ­райды. Халқы жылдан-жылға кө­бейіп келе жатқан Орал үшін бұл заңды да. – Көпбалалы ата-аналар келеді. Олар материалдық көмек сұрайды. Сосын үйдің мәселесімен көп ке­леді, тағысын тағы... Өмір болған соң шешілмей жатқан мәселе көп. «AMANAT» партиясының депу­таттары халыққа қалай болғанда да, қай жағынан болса да көмектесуге қашанда дайын. Бұл көшеге жарық жүргізу бюджетте мүлдем қарасты­рыл­маса да, «депутаттық сағат» ар­­қылы осы мәселені көтерген пар­­тиялықтар бірден үш көшеге жарық жүргізуге ықпал етті»,–  дейді «AMANAT» партиясының мүшесі Нұргүл Ашықова. Айта кетелік, былтырдың өзінде «AMANAT» партиясының қоғам­дық қабылдауына 4,5 мыңға тарта тұрғын көмек сұрап келген. Олар­дың жартысына жуығы оң шешімін тауыпты. Көшесіне жарық жүргі­зі­ліп, көңілін демдеген тұрғындар ен­ді бейнебақылау камерасын қоюды сұрап отыр.