Тұрғындар өтінішін тыңдады
Тұрғындар өтінішін тыңдады
332
оқылды
«AMANAT» партиясы Тараз қалалық филиалының өкілдері, филиал жанындағы қоғамдық кеңестің және қалалық мәсли­хаттағы депутаттық фракция­ның мүшелері Ж.Бүркітбаева, М.Бердалиев, А.Қарағалиев қатысқан жиында партияның сайлауалды бағ­дарламасының орындалуы, мем­лекеттік бағ­дарлама­лар­дың іске асы­ры­луы, жас­тарға патриоттық тәрбие беру мәсе­лелері сөз болды. Жиын барысында жастарды еңбекпен қамтуға байланысты бос жұмыс орындары, мемлекеттік бағ­дарлама аясында тегін кәсіптік білім алу мүмкіндіктері және кәсіп­керлікпен айналысуға ниет білдір­ген азаматтарға көрсетілетін қолдау жөнінде ақпарат берілді. Тұрғындар өз тарапынан ба­ла­­лардың бос уақытын тиімді пай­­далану мақсатында қосымша бі­лім беру мекемелерінің ашы­луын, жер учаскелерін заңдастыру бойынша құжаттандыру мәселе­сінің қарас­тырылуы және тұрғын­дардың қауіп­­сіздігін қамтамасыз ету үшін полиция рейдтерінің жиі өткізілуі, әлеуметтік дүкенге тауар­­­­лардың уақытылы келіп тұруы­на ықпал ету жөнінде ұсы­ныстар айтылды. Кездесу қорытындысы бойын­ша партия өкілдері мен фракция мүшелері айтылған ұсыныстар мен өтініштердің заң талаптарына сәй­кес тиісті мекеме қызметкерлерімен бірлесе отырып қарастырылатынын және қабылданған шешімдер ту­ралы өтініш иелеріне жауап бері­ле­тінін жеткізді. Сонымен қатар ал­да­ғы уақытта тұрғындар тарапынан айтылған өтініштердің қаралуы бойынша қоғамдық қабылдаулар­дың жиі өткізіліп тұратыны да айтылды.