Бір топ саясаткер Норвегияның Нобель комитетіне Украина президенті Владимир Зеленскийді Бейбітшілік сыйлығына ұсыну жайында ашық хат жариялады.
– Тарихта бұрын-соңды болмаған оқиғаларды ескере отырып, біз Нобель комитетіне Бейбітшілік марапатына ұсыну процесін 31 наурызға дейін қайта ашуды сұраймыз. Бұл марапатқа Украина халқы мен оның президенті Зеленскийді ұсынбақпыз. Бүгінде бүкіл әлем Украина жағында, – делінген хабарламада. Хатқа Эстонияның бұрынғы премьер-министрі, бұрынғы Еуропалық комиссары, Еуропарламент мүшесі Андрус Ансип, Нидерландының бұрынғы қорғаныс министрі Анк Бижлевелд және осы елдің бұрынғы сыртқы істер министрі Бернард Бот, Румыниядан Еуропарламент депутаты Влад Мариус Ботош, Гаага стратегиялық зерттеулер орталығының саяси мәселелер жөніндегі директоры Хан Тен Брук, сондай-ақ Бельгия, Швеция, Ұлыбритания, Германия, Словакия секілді елдердің бірқатар саясаткерлері қол қойған.