140 теңге: Алматыға арзан қырыққабат жеткізіледі
140 теңге: Алматыға арзан қырыққабат жеткізіледі
©profiogorod.ru
489
оқылды
Алматы қаласы мен Түркістан облысының әкімдіктері ерте піскен жылыжай қырыққабатының тікелей жеткізілімі жөніндегі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Көшпелі кеңес барысында тараптар Түркістан облысының Сарыағаш, Келес және Сайрам аудандарындағы шаруашылық қожалықтарын барып көрді. Қол жеткізілген келіссөздер шеңберінде 2022 жылғы 15 сәуірден бастап, 15 мамыр аралығында Алматының ірі сауда желілеріне тікелей шаруашылық алқаптарынан сатып алу бағасы бір келісі үшін 140 теңге болып бекітілген баға бойынша 550 тонна қырыққабат жеткізілетін болады. Дүкен сөрелеріндегі бөлшек сауда бағасы бір келісі үшін шамамен 185 теңгені құрайды деп күтілуде. Сондай-ақ, осы Меморандумға сәйкес, маусымнан бастап, егіс алқабында өсірілген қырыққабаттың шамамен 2 мың тонна мөлшерінің үздіксіз жеткізілімі ұйымдастырылатын болады. Қабылданған шаралар қырыққабаттың бағасын ұстап тұруға, әлеуметтік маңызы бар өнімге бағаның негізсіз өсуіне жол бермеуге мүмкіндік береді.