Мұқтаж отбасыларға көмек көрсетілді
Мұқтаж отбасыларға көмек көрсетілді
353
оқылды
«AMANAT» партиясының Ақ­мола облыстық және ау­дан­­­дық филиалдарының фрак­­ция мүшелері ұйымның жас­­тар қа­наты белсен­ді­лері­мен бірлесіп, «Бақытты от­­ба­сы» жә­не «Ардагерлерді ар­­дақ­тайық!» жобалары ая­сын­­да өңірдегі 40-тан аса от­­ба­сы­на 400 мың теңге кө­ле­мін­де ма­териалдық көмек көр­сет­ті. Дәстүрге айналған игі шара ая­сында мәслихат депутаттары аға буын өкілдерімен қатар көпбалалы және мұқтаж отбасылардың үйінде болды. Әйтсе де, осы жолғы кез­де­су­лердің жөні бөлек. Себебі «Ха­лық үніне құлақ асатын Үкімет» тұ­жырымдамасы аясында халық қа­лаулылары отбасылардың түйт­кіл­ді мәселелерімен танысып, олар­­­ды партияның Қоғамдық қа­был­­даулары арқылы шешуді көз­деді. Сонымен қатар Президент Жол­дауының негізгі бағыттары бойын­ша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мәселен, «AMANAT» партия­сы­ның Көкшетау қалалық филиа­лының атқарушы хатшысы Зәуреш Нұрымова қалалық мәслихат де­путаты Станислав Максимецпен көпбалалы және аз қамтылған от­басыларды мерекемен құттықтап, материалдық көмек көрсетті. Сондай-ақ көпбалалы ана Самал Сұлтанованың үйінде болып, балаларға тәттілер және отбасына қажет азық-түлік салынған себетті сыйға тартты. Айта кетейік, бұған дейін балалардың анасы партия­ның Қоғамдық қабылдау бөлме­сінде болып, мектепте оқитын ұлын тегін тамақтандыру бойынша көмек сұраған болатын. Кездесу аясында депутаттар бұл мәселенің оң шешілгенін айтып, көпбалалы ананы тағы бір қуантты. көмек Депутаттар сондай-ақ 4 бірдей баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отыр­ған Әсел Құсайынованың отбасына барды. Жалғызбасты ана да бұған дейін партияның Қоғамдық қабыл­дауында болып, заңгердің көмегін қажет ететінін алға тартқан бола­тын. Бұл мәселе де оңтайлы ше­шілді. Қайырымдылық акциясы аясында халық қалаулылары от­басына азық-түлік салынған се­бетті сыйға тартты. Айта кетейік, осындай қайы­рым­дылық шараны өткізуді «AMANAT» партиясы жыл сайын­ғы дәстүрге айналдырып отыр. Биылғы ерекшелік отбасыларын мерекемен құттықтап қана қой­май, олардың түйткілді мәсе­ле­лерін шешіп беру көзделді. Сөйтіп, пар­тиялықтар өзінің діттеген мақ­са­тына қол жеткізді. Бұл ха­лықтың пар­тияға деген сенімін артты­ра­тыны сөзсіз. Кездесулер аясында от­басылардың көтерген басқа да мәселелері партияның Қоғамдық қабыл­даулары арқылы зерттеп-зерделенеді, оның оң­тайлы ше­шілуі бақылауға алы­нады.