Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкеновтың айтуына қарағанда, Ресейден Қазақстанға еңбек мигранттары көп келе қоймайды. Елде жүрген ресейліктердің көбі бұрын келген азаматтар.
«Қазір ресейлік еңбек мигранттарының ағылуы бола қоймайды деген ойдамыз. Қазақстанда бүгінде 100 мыңдай Ресей азаматы бар. 2022 жылдың басынан бері 6 мыңдай ресейлік келіп, жұмыс істеп жатыр», – деген министр Қазақстаннан кетушілердің саны келушілерден көп екенін айтты.