Ералы Тоғжанов Мәжілістің жалпы отырысына қатысады
Ералы Тоғжанов Мәжілістің жалпы отырысына қатысады
345
оқылды
Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі жобасы нақтыланды. Бюро отырысында депутаттардың бастамасымен әзірленген атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда қарау ұсынылды. Құжат атқарушылық іс жүргізу мәселелері жөніндегі заңнамалық актілердегі олқылықтарды, қайшылықтар мен сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін нормаларды жоюды көздейді. Сонымен қатар Мәжіліс депутаттары өңірлерде өткен халықпен кездесулер барысында келіп түскен азаматтардың өтініштерін мемлекеттік органдардың қарау нәтижелері бойынша Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановты тыңдап, аталған мәселелерді талқылайтын болады. Палатаның алдағы жалпы отырысында ТМД мемлекеттері үкіметтерінің арасындағы келісілген салық саясатының қағидаттары туралы келісімнің қолданысын тоқтату туралы хаттаманы ратификациялау туралы, сондай-ақ азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша түзетулер енгізу туралы заң жобаларын жұмысқа алу жоспарланып отыр.