Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Дербес деректер алмасу саласындағы әкімшілік мәселелер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.