Ұлттық сараптама орталығының қызметкері тамақтану орындарын тексергені үшін ақша алып отырған.
Нұр-Сұлтан қаласы «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының қызметкері 8 жылға сотталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.
«30 наурызда Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотының шешімімен Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының қызметкері 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлік субъектілерінен қоғамдық тамақтану саласында ақша қаражатын алу фактісі бойынша, пандемия кезінде әкімшілік жауапкершіліктен жалтарғаны үшін кінәлі деп танылды» делінген агенттіктіктің хабарламасында.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.