Ірі кәсіпорындарда қабылдау бөлмелері ашылды
Ірі кәсіпорындарда қабылдау бөлмелері ашылды
478
оқылды
«AMANAT» партиясының ХХІІ кезектен тыс съезінде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ірі бастауыш партия ұйымдарында партияның қоғамдық қабылдау бөлмелерін ашуды тапсырған болатын. Ел басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Павлодар облысындағы алты ірі бастауыш партия ұйымдарында қоғамдық қабылдау бөлмелері ашылды. Олар – Павлодар қаласының «Қазақстан Алюминий зауыты» АҚ БПҰ, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ БПҰ, «Павлодар қаласы трамвай басқармасы» АҚ БПҰ, «Ақсу қаласының ферроқорытпа зауыты» АҚ БПҰ, «Еуразиялық энергетикалық корпорациясы» АҚ БПҰ және Екібастұз қаласының «Богатырь көмір» АҚ. БПҰ ашылған күннен бастап өз жұмыстарына қызу кірісіп кетті. Кеше партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Илья Теренченко, қалалық мәслихаттың депутаты Мүслім Махмудов «Павлодар қаласы трамвай басқармасы» АҚ БПҰ-да азаматтарды қабылдады. Бастауыш партия ұйымында өткен азаматтарды қабылдауда трамвай басқармасының қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды. Кәсіпорын қызметкерлері облыс орталығын абаттандыру, жолдарды жөндеу, жаяу жүргіншілерге арналған жолдар мен бағдаршамдар орнату, тұрғын үйге кезекке тұру, азық-түлік және дәрі-дәрмек бағаларының өсуі сияқты мәселелерді көтерді. Алдағы уақытта ірі бастауыш партия ұйымдарында азаматтарды қабылдау тұрақты түрде жалғасатын болады.