«НОМАД КОДЫ» заманауи көшпенділер форумы: қазақстандық брендтерді әлемдік аренада қалай ілгерілетеміз?
«НОМАД КОДЫ» заманауи көшпенділер форумы: қазақстандық брендтерді әлемдік аренада қалай ілгерілетеміз?
451
оқылды
Нұр-Cұлтанда Қазақстанның елдік бірегейлігі мен брендингін іздеуге арналған «НОМАД Коды» Заманауи Көшпенділер Форумы болды. Форумға қатысушылар елімізде креатив индустрияны дамытудың және олардың мемлекетпен үздіксіз ынтымақтастығының маңыздылығын талқылады, ал кәсіпкерлер қазақстандық брендтерді шетелде дамыту және ілгерілету тәжірибесімен бөлісті. Форумға қатысуға Қазақстан, Ресей, Ұлыбритания, Қырғызстан, АҚШ-тан спикерлер шақырылды. – Мемлекеттің жасампаздықты дамытуды қолдауға нық ниеті бар. Өткен жылдың соңында Үкімет осындай индустрияларды дамыту тұжырымдамасын қабылдады және қазіргі уақытта оны жоспарлы іске асыру жүргізілуде. Министрдің тапсырмасы бойынша Министрліктің бірқатар ведомстволық бағынысты ұйымдары өз есіктерін ашып, креативті жастарға арналған өз залдарына, студиялары мен жабдықтарына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Мысалы, Елорданың Бейбітшілік және келісім сарайында алғашқы креативті хаб құру жоспарлануда, ал Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі базасында қолөнершілер орталығын ашу қарастырылуда, – деді ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев. НОМАД КОДЫ 2022 жылдың күзінде Алматыда қолөнершілердің халықаралық форумы өтеді, бұл туралы «Kazakh Tourism «ҰК» АҚ өкілдері хабарлады. «Қолөнершілер елімізде ұзақ уақыт бойы тиісті қолдау таппады. Алайда, соңғы жылдары қолөнершілерге жағдай жасау, соның ішінде қолөнер орталықтарын ашу бойынша мемлекет пен бизнестің тығыз жұмысы жүріп жатыр. Өткен жылдары «Kazakh Tourism» ауқымды зерттеу жүргізді, оның қорытындысы бойынша қолөнершілікті реттеу мен ұйымдастырудан бастап, шикізат, білім және маркетинг мәселелеріне дейінгі барлық күрделі нүктелер анықталды. Алынған деректерді пайдалана отырып, форум алаңында қолөнершілердің қалыптасқан отандық және шетелдік брендтермен коллаборациясы сияқты нақты кейстер мысалында әртүрлі шешімдер ұсынылатын болады. Форум туралы толығырақ ақпарат жақын арада ұлттық компанияның сайтында орналастырылады», – дейді «Kazakh Tourism «ҰК» АҚ Басқарушы директоры Даниэль Сержанұлы. Ал ForteBank маркетинг директоры Антон Ким креативті кластерлерге бизнес инвестицияларының маңыздылығы тақырыбында сөз сөйледі. Сонымен қатар форум Global Nomads Fashion Awards халықаралық жас дизайнерлер байқауының қорытынды іс-шарасы мен финалдық фэшн-көрсетілімі өтетін алаңына айналды. Әр түрлі қалалар мен елдерден (Қазақстан, Ресей, Түркия) жобаның финалистері қазіргі көшпендінің өзіндік ерекшелігі мен бейнесін бейнелейтін өз коллекцияларын көрсетті. Дизайнерлер табиғи материалдарды, сондай-ақ қайталама шикізат материалдарын қолдануға назар аударып, саналы тұтыну және тұрақты сән тақырыбын ашты. НОМАД КОДЫ Конкурстың бастамашысы – кәсіпкер, Mimioriki және Global Nomads киім брендтерінің негізін қалаушы Инна Апенко атап өткендей, конкурстың негізгі тақырыбы өткен шақ, қазіргі уақыт және болашақ призмасынан өткен заманауи көшпенді болды. Форумда алғаш рет қазақстандық Global Nomads брендінің және DIGIT IN агенттігінің (Настасья Некрасова, Ольга Лисицына, Мария Шевченко, Анастасия Морозова, Наталья Гусельман, Арина Снегирева, Анна Дедовская) 3D fashion дизайнерлер командасының Ася Алыпованың авторлық музыкалық сүйемелдеуімен виртуалды киім топтамасы таныстырылды. Жинақта қазақ мифтері мен аңыздары, сондай-ақ адамды қоршап тұрған элементтер бейнеленген. Бұл NFT платформасында орналастырылатын қазақстандық брендтің алғашқы топтамасы.