Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың партияның қоғамдық қабылдаулар қызметін жандандыру бойынша тапсырмасы гаджеттер мен техникалық қосылуларды айналып өтіп, кез келген адам партияластармен өз проблемалары мен ұсыныстарын бетпе-бет талқылай алатын әдеттегі қабылдау форматының қайта жандануымен сәтті сәйкес келді.
Осылайша, азаматтарды алғашқы қабылдау «AMANAT» партиясының Алматы қалалық филиалының атқарушы хатшысы қызметінде Мейіржан Отыншиев үшін барынша мазмұнды және нәтижелі болды.
«Партияның кезектен тыс съезі кезінде оның басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдық қабылдаулардың ерекшелігін шағымдарды ғана емес, сонымен қатар ел мен қоғамды одан әрі дамыту жөніндегі нақты идеяларды қабылдау пункті ретінде атап өтті. Бүгінде алматылықтардың осындай бастамаларға өтініш білдіріп, асыққаны қуантады. Олардың ішінде: IT әзірлеуші Данияр Әбішев, «Ақбастау – ұлттық тәрбие» бағдарламасының авторы Мұхит Асанұлы, Алматыда инновациялық технопарк ашу туралы ұсыныспен келген қоғам қайраткері Жұмабай Ділдаманов және тағы басқасы бар», – дей келе Мейіржан Отыншиев азаматтарды қабылдау нәтижелерімен бөлісті.
Қабылдау барысында қалалық филиал басшылығы «Тау көктем» ТК үлескерлерінің проблемалық мәселелерін, Алматы қаласының құқық қорғау органдарына шағымын, «Алматыэлектротранс» ЖШС жалақы мөлшерін зерделеп, назарға алды. Бостандық ауданында заңсыз құрылған ОСИ іс-әрекетіне және Алатау ауданының «Шапағат» шағынауданындағы арық жүйесін абаттандыру қажеттілігіне қатысты өтініштер қаралды.
Естеріңізге сала кетсек, «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдаулары Алматының әр ауданында орналасқан және әлеуметтік мәртебесі мен партияға қатыстылығына қарамастан барлық азаматты қабылдайды.