Азық-түлік неге қымбаттады?
Азық-түлік неге қымбаттады?
345
оқылды
Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев азық-түлік қымбаттап жатқан уақытта алаңдауға негіз жоқ деп отыр. Мәжіліс отырысынан кейін министрге көкөніс бағасы туралы сұрақ қойылған болатын. «Егер бүкіл статистиканы қарасаңыз, маусымдық фактор бар, шынымен бірқатар тауар бойынша жалпы инфляция 12 пайыз, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бойынша», – деді Қарашөкеев. Министрдің айтуынша, қымбатшылық тұрақтандыру қорында жинақталған өнімнің аяқталуымен байланысты екен. «Орташа жылдық мәлімет бойынша, жылдан-жылға өсу бар. Биыл өсім соншалықты үлкен емес, негізгі азық-түлік өнімдері, қорлар бар, олар ішкі қажеттілікті өтеуге жетеді. Сондықтан дүрбелең болмауы керек» деп жауап берді ол.