Ауыл тұрғындарының мәселесін тыңдады
Ауыл тұрғындарының мәселесін тыңдады
271
оқылды
AMANAT партиясының кезектен тыс ХХІІ съезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев партия жұмысын қайта жандандыруды тапсырып, партияның қоғамдық қабылдау бөлмелері шағымдармен ғана емес, елді дамыту бойынша нақты идеялармен келетін азаматтар үшін тартымды орынға айналуы тиіс екенін атап өткен болатын. Сондай-ақ, Президент халықпен кері байланысты күшейтіп, соның ішінде азаматтарға көшпелі қабылдау жүргізуді ұйымдастыру қажет екендігін жеткізген.
- Міне, бүгін мобильді қоғамдық қабылдау жасау Шығыс Қазақстан облысында да бастау алды. Алғашқы көшпелі қабылдауды ауа райының қолайсыздығына байланысты Глубокое ауданының Уваров және Прапорщиков ауылдарының тұрғындарын қабылдаудан бастап отырмыз. Біз алдағы уақытта барынша шалғай елді мекендерді қамтитын боламыз. Көшпелі қоғамдық қабылдаудың құрамына филиал қызметкерлерінен бөлек мәслихат депутаттары, өңірлік саяси кеңес мүшелері енгізілді, - деп атап өтті AMANAT партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының атқарушы хатшысының міндетін атқарушы Айгүл Оралғазықызы.
Жыл басынан бері AMANAT партиясының ШҚОФ қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 2500-ден астам адам жүгінген. Қабылдауға келген азаматтардың өтініштерінің басым бөлігі тұрғын үй алу, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелеріне қатысты. Олардың 38% шешілді. Ал қалғандары бойынша заң аясында кеңес берілді. Қоғамдық қабылдау барысында ауыл тұрғыны Александр Е. ауылдан Өскемен қаласына қатынайтын қоғамдық көліктің жоқтығын және ауыл тұрғындарының күн көрісі болып табылатын малдарының жаппай бруцеллез ауруымен ауырып жатқандығын айтып, назар аударуды сұрады. Жалпы екі ауылдық округтен 25 азамат өз шағымдарын жеткізуге мүмкіндік алды. Қабылдауға келген азаматтар партия филиалы ұйымдастырған кездесулер арқылы мәселелерінің оң шешім табатындығына сенім білдірді.

А.ӘБІЛ, Шығыс Қазақстан облысы