Ертең Алматының екі бірдей ықшамауданы уақытша ыстық су мен жылусыз қалғалы тұр. Бұл туралы «Алматы жылу желілері» ЖШС-ның баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Алматы жылу желілері» ЖШС 6 сәуірде сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін «Алмагүл» және «Қазақфильм» ықшамауданындағы Бостандық ауданы аумағында орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарға жылу мен ыстық су уақытша берілмейтінін ескертеді» делінген хабарламада.Олардың мәлімдеуінше бұл шара жылу қазандықтарына жөндеу жұмыстарының жүргізілетініне байланысты қолға алынып отыр. «Уақытша шектеулер «Алматытеплокоммунэнерго» ЖШС Оңтүстік аудандық қазандықтағы жөндеу жұмыстарына байланысты енгізіліп отыр. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністікпен қарауды сұраймыз», - деп атап өтті мегаполисті жылумен қамтамасыз ететін мекеме өкілдері.
Алматы