Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Балалар мектепке жете алмай, Қоянды неге суда қалды?

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ
Сәуір 5, 2022
Балалар мектепке жете алмай, Қоянды неге суда қалды? 1
1.8k
қаралым

Көшелерін түгелдей су басып, аяқ аттап жүре алмай қалған елорданың іргесіндегі қояндылықтар жергілікті биліктің жайбасарлығына наразылық білдірді. Тұрғындардың айтуынша мектеп оқушылары көше бойында толқыны тулап аққан судан мектепке де бара алмай қалған, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.

Ауыл тұрғындары жылда қайталанатын көктемгі су тасқынына жергілікті әкімдік жылда шарасыздық қылып, еш қам жасамайтынына қынжылатынын жеткізді.

Балаларды мектепке жеткізу мұңға айналды

«15 жылдан бері әкімнің түр келбетін көрмедім. Өте жиі ауысады. Әрі Қояндыда тұрмағандықтан, біздің жағдайымызды қайдан ұқсын? Әсіресе, мына Бөгенбай және Ынтымақ көшелерінен өту аса қауіпті. Күн сайын осы көшеден өтеміз. Былтыр жазда қазылып тасталған көшелер сол күйі қалды. Ал қазір шұңқыр болған жол кәдімгі өзенге айналып шыға келді. Қос қапталы биік, ортасы суға толған. Жалпы әкімдік жолдарды қалай жөндеуді бақылайтынын түсіне алмадық. Жөндеуді қажет ететін негізгі көшелердің жағдайы мынау. Ал былтыр айдаладағы адам өте сирек тұратын көшелерге асфальт төсеп тастады. Ал балаларымызды өз бетімен мектепке бара алмайды. Көліктің өзімен әупірімдеп зорға жеткіземіз. Тіпті жағдайға қарай бір апта онлайн оқытса да жөн болар ма еді», – дейді Қоянды ауылының тұрғыны Халат Хуаныш.

Су тасқыны мәселесі толықтай бақылауға алынған – әкімдік

Жағдайды аудан әкімдігінен білмек болып әкім орынбасарымен тілдестік. Ол аудан әкімдігінің жағдайды толықтай бақылауға алғанын айтып ақталды.

«Қазіргі таңда Қояндыда 10 мотопомпа, 1 сорғылық Вариско, екі өрт сөндіру көлігі тұрақты жұмыс істеп тұр. Бүгінге дейін 24 мың куб су сорылды. Сонымен қатар төтенше жағдай қызметінің 20 сарбазы және қосымша сарбаздар көмекке келмек. Ал жолдар бойынша былтыр ауа райының қолайсыздығына байланысты «Қазгер» компаниясымен басталған жол жөндеу жұмыстары уақытында аяқталмай қалған. Биыл көктемгі су тасқынынан кейін жол жөндеу жұмыстары қайта жалғастырылмақ. Жағдайдың бәрі толықтай бақылауға алынды. Суға кеткен үйлер мен аула аймақтары жоқ», – дейді Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Серік Оспанов.

Облыстың төтенше жағдай қызметі де жергілікті атқарушы органдармен еріген қар суының тазартылып жатқанын мәлімдеді.

«Бірінші кезекте үйлердің маңындағы су ал одан кейін автокөлік жүретін көшелердегі су сорылып жатыр. Жалпы, Қоянды кентінде бір күн ішінде 11 220 текше су сорылып алынды. 230 қап құм мен қиыршық тастар төселді. Су тасқынына қарсы Целиноград ауданында 59 адам, 15 техника екі қайық пен 10 жылжымалы мотопомпалар жұмылдырылған. Мұнымен қоса жағдай күрделенсе басқа облыстардан күш-құрылымдары келетін болады», – дейді Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Ақмола облысы

Тегтер: ЖаңалықтарҚояндымектепсу

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Көшірме шоулар көбейді

Мобильді қабылдауда маңызды мәселелер айтылды

17 мамырға арналған ауа райы болжамы

Балаларға базарлық

Ауызбірлік пен патриотизм үшін керемет мотивация

Үйі жоқтың күйі жоқ екені рас

Президент Путинмен кездесті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»