АҚШ Ресейге мемлекеттік қарызды доллармен төлеуге тыйым салмақ

АҚШ Ресейге мемлекеттік қарызды доллармен төлеуге тыйым салмақ

Америка Құрама Штатының Қаржы министрлігі Ресейдің АҚШ банктеріндегі тәуелсіз қарызы бойынша доллармен төлем жүргізуге тыйым салады. Reuters агенттігінің мәліметінше, АҚШ Ресей үкіметіне америкалық банктердегі 600 миллион доллардан астам резервті төлеуді тоқтатты. Сөйтіп, Мәскеуге қысымды күшейтіп, оның АҚШ долларындағы қорын азайтуы керек. Тыйым 4 сәуірде күшіне енгені көрсетілген. "Бүгін Ресей үшін тағы бір қарызды төлеу мерзімі. Ресей қалған доллардағы құнды резервтердің сарқылуын, жаңа түсімдерді немесе дефолтты таңдауы керек", - делінген АҚШ Қаржы министрлігі мәлімдемесінде. Агенттік авторлары мәліметіне сүйенсек, егер Ресей алдын ала белгіленген мерзімде облигациялар бойынша алдағы төлемдердің ешқайсын жасамаса немесе доллар, еуро немесе басқа валюта көрсетілген келісімде рубльмен төлем жасаса, бұл дефолтты білдіреді. Ресейде төлем жасау үшін 30 күндік жеңілдік кезеңі берілген.