Арыз артында адам бар
Арыз артында адам бар
368
оқылды
Елімізде індетке байла­нысты жағдай жақсара түс­кен сайын  «AMANAT» пар­тия­сының қоғамдық қабыл­да­уына келіп, арыз-шағымда­рын жүзбе-жүз ай­ту­шылар саны артып барады. Бұл олар­­­дың мәселелері мен ұсы­­ныстарын бетпе-бет тал­қылауға мүмкіндік береді. Осыған орай партияның Алматы қалалық филиалының атқарушы хатшысы Мейіржан Отыншиевтің азаматтарды кезекті қабылдауы өтті. «Партияның кезектен тыс съезі кезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «қоғамдық қабылдауларға адамдар тек шағым айтып келмей, сонымен қатар ел мен қоғамды дамыту жөнінде ұсыныстарын да жеткізсін» деген болатын. Бүгінде алматылық­тар­дың осындай бастамаларға өтініш білдіріп, асыққаны қуантады. Олардың ішінде IT-әзірлеуші Данияр Әбішев, «Ақбастау – ұлттық тәрбие» бағдарламасының авторы Мұхит Асанұлы, Алматыда Инновациялық технопарк ашу туралы ұсыныспен келген қоғам қайраткері Жұмабай Ділдаманов және тағы басқалар бар», – дейді Мейіржан Отыншиев. Сондай-ақ қабылдау бары­сында қалалық филиал басшы­лығы «Тау көктем» ТК үлескер­лерінің проблемаларын, Алматы қаласының құқық қорғау органда­рына деген шағымдарын, «Ал­матыэлектротранс» ЖШС-на қа­­тысты жалақы дауын қарады. Бостандық ауданында заңсыз құ­рылған Мүлік иелері бірлестігінің іс-әрекетіне және Алатау ауда­нының «Шапағат» шағынауда­нын­дағы арық жүйесін абаттан­дыру қажеттілігіне қатысты өті­ніштерді тыңдады.