Ешкімнің мүмкіндігі шектелмеуі тиіс
Ешкімнің мүмкіндігі шектелмеуі тиіс
240
оқылды
«AMANAT» партиясы Маң­ғыстау облыстық филиалы жанындағы Партиялық бақы­лау комиссиясы қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Аталған іс-шарада Маңғыстау облысының Туризм басқарма­сының басшысының баяндамасы тыңдалды. Баяндамашы партия­ның «Әр азаматқа лайықты өмір!» 2021 жылғы Жол картасында жос­парланған жұмыстар бойынша есеп берді. Сондай-ақ туризмді да­мытуға бөлінген бюджет қара­жатының тиімді пайдаланылуы туралы ұсынысымен бөлісті. Көтерілген мәселелер көпшілік тарапынан кеңінен талқыланып, жиналысқа қатысушылар қойған сұрақтарға жауап берілді. Сондай-ақ осы күндері «AMANAT» партиясының Маң­ғыстау облыстық және Ақтау қа­ла­лық филиалы және «Jas Otan» жастар қанаты Ақтау қаласындағы «Азаматтарға арналған үкімет» АҚ филиалының ХҚК №1 бөліміне мониторинг жүргізді. Мониторинг барысында атал­ған мекемеде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың еш кедергісіз қыз­мет алуына жағдай жасалғанына көз жеткізілді. Орталықта арба­да­ғы азаматтар үшін пандус, шақыру нүктелері мен арнайы қабылдау үстелдері қарастырылған. Мұндай жандар шақыру нүктесін басу арқылы өздеріне қажет маманда­рын шақыртып, арнайы үстелден керек қызметін ала алады. Дегенмен кемшілік те жоқ емес. Мәселен, мүмкіндігі шек­теу­лі азаматтарға арналған әжет­хана жоқ және ғимарат ішіндегі мініп-түсу жолы жарамсыз күйге түскен. Орталық мамандары мү­ге­дектер үшін арнайы жабдық­тал­ған әжетханаға тапсырыс беріл­ген, ол мемлекеттік сатып алу конкурсынан өтіп, енді жеткі­зі­летінін мәлімдеді. Сондай-ақ орталыққа келе ал­майтын азаматтар 1414 нөмі­ріне телефон шалу арқылы ар­найы мобильді топ мамандарын шақырта алады. Жыл басынан бері мобильді топ 651 мүмкіндігі шектеулі жанға барып, қызмет көрсеткен. Олардың ішінде ЭЦҚ ашу, құжаттандыру, элек­тронды анықтамалар бо­йын­ша қызмет­терге сұраныс көп түс­кен.