Ильин: су тасқынынан зардап шеккендердің көмегіне халықтан ақша жинауға қарсы
Ильин: су тасқынынан зардап шеккендердің көмегіне халықтан ақша жинауға қарсы
©tengrinews.kz
290
оқылды
Мәжілісте Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Юрий Ильин су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін халықтан қаражат жинауға қарсылығын білдірді. Министрдің айтуынша, көмекке ақша әкімдіктер мен Үкіметтің бюджетінен бөлінуі тиіс. – Көмекке қажет қаражатты халықтан жинамауымыз керек. Жергілікті атқарушы органдардың резервінде қаржы бар. Себебі, Үкімет елде төтенше жағдайлар туындағанда осындай шығынды жабатын қаржы бөлген. Тіпті, аймақтар Үкіметтен көмек сұраса, оған қаржы бөлінуі міндет, – деді Юрий Ильин. Еске салайық, бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Қазақстандағы су тасқыны жағдайы туралы хабарлаған болатын.