Балқашта жүк пойызы әйелді қағып кетті
Балқашта жүк пойызы әйелді қағып кетті
©inform.kz
250
оқылды
Балқашта егде тартқан әйелді жүк пойызы қағып кетті. Әйел оқиға орнында мерт болды. Қазір қайғылы жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр. Көліктегі полиция басқармасының баспасөз қызметі сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді. Осы жағдай бойынша Қарағанды-Сортировочная стансасының желілік полиция бөлімшесінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 344-бабының 2-бөлігі (Жол қозғалысы немесе теміржол көлігін пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір іс бойынша қажетті тергеу амалдары жүргізілуде, – деп хабарлады баспасөз қызметі. Әзірге басқа ақпарат тергеу мүддесіне сай жария етілмейтінін мәлімдеді.