WhatsApp-та былапыт сөздер айтқан павлодарлық қамауға алынды
WhatsApp-та былапыт сөздер айтқан павлодарлық қамауға алынды
©eadaily.com
381
оқылды
Павлодар облысында WhatsApp мессенджеріндегі чатта әдепсіз сөздері бар дыбыстық хабарламалар жіберген ер адам жауапқа тартылды.  Pavlodarnews.kz-тің хабарлауынша, Успен аудандық сотында ер адамға қатысты әкімшілік іс қаралған. Іс материалдарына сәйкес, азамат 2022 жылғы 2 сәуірде Успен ауылындағы 245 қатысушысы бар WhatsApp мессенджеріндегі топтардың біріндегі хабарландыруларды оқып, әдепсіз сөздері бар дыбыстық бірнеше хабарлама жіберген. "Ол осы топқа қатысушыларға қатысты адамның қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін сөздер айтқан. Осылайша ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде (ұсақ бұзақылық) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған", - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінен. Сот қаулысымен ер адам кінәлі деп танылып, оған 5 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды. Шешім заңды күшіне енген жоқ.