Ірі кәсіпорында қабылдау ұйымдастырылды
Ірі кәсіпорында қабылдау ұйымдастырылды
279
оқылды
«AMANAT» партиясының ке­зектен тыс ХХІІ съезінде пар­тия Төрағасы, Мемлекет бас­шысы Қ.Тоқаев азамат­тар­­ды мобильді қабылдау, шал­­ғай ауылдардың тұрғын­дары­мен кездесулер өткізу, сондай-ақ ірі бастауыш пар­тия ұйымдарының базасында қоғамдық қабылдаулар ашу қажеттілігі туралы тапсырма берді. Бүгінде партияның ірі кәсіп­орын­дар базасында құрылған 186 бастауыш ұйымдарының қоғамдық қабылдаулары жұмыс істейді. Жалпы, республикада 4,5 мыңнан астам бастауыш партия ұйымдары бар, олардың 270-ке жуығы – ірі пар­тия ұйымдары. Ақмола облысында 2022 жыл­дың 1 сәуірінен бастап 5 ірі кәсіп­орын базасында партияның қоғам­дық қабылдаулары ашылды. Сон­дай ірі кәсіпорындардың бірі – «Асыл арман» ЖШС-да 1,5 мың­нан астам адам жұмыс істейді. Осы кәсіпорында партияның Ақ­мола өңірлік филиалының қо­ғамдық қабылдау бөлмесі саяси ұйым депутаттық фракциясы мү­ше­лерінің, облыстық және қала­лық мәслихат депутаттарының қатысуымен азаматтарды қабыл­дауды ұйымдастырды. Қабылдауда кәсіпорынның 60-тан астам жұ­мыс­шысы болды, олар түрлі сұрақ­тар мен ұсыныстар көтерді. Бастауыш партия ұйымдары ба­за­сындағы қоғамдық қабылдау­лар ірі кәсіпорындардың қызмет­керлеріне жұмыс процесінен қол үзбей, жеке мәселелері бойынша партия мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдеріне жүгінуіне мүмкіндік береді. Сондай-ақ «AMANAT» партия­сының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі меңгерушісінің орынбасары Азамат Дулатұлы Қы­зыл­орда облысындағы «Жарық» бас­тауыш партия ұйымы базасында қоғамдық қабылдаудың ашылуына қа­тысты. «Жарық» бастауыш пар­тия ұйымында энергетика сала­сын­да 500-ден астам адам жұмыс істейді. Қабылдау бекітілген кесте бо­йын­ша жүргізіледі.