“36 тұрғын эвакуацияланды” - Шығыста Үбі өзеніндегі су деңгейі көтерілді
“36 тұрғын эвакуацияланды” - Шығыста Үбі өзеніндегі су деңгейі көтерілді
336
оқылды
Кеше Бородулиха ауданы аумағындағы Үбі өзеніндегі су деңгейі көтеріліп, Речное ауылының тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілген болатын. Облыстық Төтенше жағдай департаменті баспасөз қызметінің таратқан мәліметтеріне сүйенсек, 9 сәуір күні таңертең су деңгейі көтеріліп, ауылдағы 2 үй мен 3 үй маңындағы аумақты су басқан. Кеше құтқарушылар 16 тұрғынды (екеуі - бала) туыстарының үйіне орналастырып, елу бастан астам малды қауіпсіз жерге көшірген.  width=
«20 сағат ішінде су деңгейі көтеріліп, үйлерге кіре бастады. Барлығы 8 үй су астында қалды, оның 6-уы тұрғын және 2-уі тұрғын емес. Осы уақытқа дейін барлығы 36 тұрғын, оның ішінде 10 бала эвакуациядан кейін туыстарының үйіне орналастырылды. Оқиға орнына ШҚО ТЖД жеке құрамының 69 қызметкері, 2 жүзу құралы, 11 мотопомпа және 8 бірлік техника, ЖАО-ның 20 қызметкері және 8 бірлік техника жұмылдырылды. Қазіргі уақытта ауылда су деңгейінің төмендеуі байқалады. ШҚО ТЖД күшімен су басқан аумақтардан суды сору жұмыстары жүргізілуде», - делінген облыстық Төтенше жағдай департаменті баспасөз қызметінің таратқан ақпаратында.