Қаңтардағы тәртіпсіздікке қатысқан 168 адам сотталды
Қаңтардағы тәртіпсіздікке қатысқан 168 адам сотталды
308
оқылды
Жыл басында болған қаңтар оқиғасы кезінде тәртіпсіздікке қатысқаны үшін 168 адам жазаға кесілді. Ішкі істер министр­лігі Тергеу басқармасының бастығы Санжар Әділовтің ай­туынша, қазір тергеушілерде 1 090 қылмыстық іс жатыр. Ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша 165 адам қамауға алынған. 315 күдікті қамаудан боса­тыл­ған. Бұл бірінші рет қылмыс жа­сап, кінәсін мойындаған адамдар. 377 күдіктіге қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталып, сотқа жол­данған. Қылмыстық ко­декстің 300-бабына сәйкес, 242 іс жол­данып, 229 іс сотқа өт­кен. Әді­лов­тің айтуынша, олар не­­­гізінен ұрлық жасаған – 196 адам, қаруды заңсыз айналымға түсірді деген күдікпен – 39 адам, тонау, ұрлық және ұсақ ұрлық жа­сады деген күдікке ілінген – 9 адам. «Бүгінге дейін 168 адам сот­тал­ды. Оның ішінде гуманизм қа­ғи­даттарын басшылыққа ала отырып, толық өкіну және келті­рілген зиянды өтеу бойынша қа­был­данған шараларды ескере оты­рып, 147 адам қоғамнан оқ­шау­лаумен байланысты емес жазаға кесілді. Сотталғандардың кінәсі негізінен қылмыс болған жердегі бейнежазбалар, куәлар мен куәгерлердің айғақтары, сон­дай-ақ алынған заттай айғақ­тар­мен дәлелденген», – дейді Әділов. Ал әзірге қалған қылмыстық істер өндірісте жатқан көрінеді.