Сапасыз жұмыстар қабылданбайды
Сапасыз жұмыстар қабылданбайды
283
оқылды
Нұр-Сұлтан қаласында ұзаққа созылған қыс мезгілі аяқ­талып, абаттандыру маусымы басталды. Астанада әдетте жылыту маусымы шамамен 8 айға созылады. Қазір қаланың барлық ауданында тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қала әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жолды жөндеу және салу, сондай-ақ абаттандыру жұмыстары туралы жазды. «Негізгі бағыттардың бірі – жол салу және жөндеу. Бүгін қаланы аралау барысында тұрғындар жиі жүгінетін бірнеше орынға бардым. Мәселен, А.Бектұров, Мұхамедханов, Қ.Қай­сенов, Қабанбай батыр көшелері, Венский квартал, Zam Zam тұрғын үй кешендерінің ауданы, Binom мектебі және тағы басқалары. Қала тұрғын­дарының шағымдары орынды. Жол жөндеу жұмыстары елорданың барлық ауданында жүргізіледі. Бірінші. Жөн­деу жұмыстары жүргізілетін көше­лердің тізіміне адам көп жүретін, жаңа әлеу­мет­тік нысандар (мектеп және т.б.) орналасқан, сондай-ақ салынып жатқан аудандарды қосуды тап­сырдым» деп жазды әкім. Құрылыс жүріп жатқан аудандар­да алдымен инженерлік желілер салы­нады, содан кейін барып қана негізгі асфальт төселеді. Ал оған дейін жүруге жарайтын уақытша жол болады. Сонымен қатар елді мекендерде ел астанасы болғалы асфальт көрмеген жолдар бар. Бүгінде 300 көшені жөн­деу көрген. Әкім негізгі бағыттарды атап қана қоймай, қала тұрғындарымен бай­ла­ныс та нығая түсетінін жеткізді. «Өздеріңіз білетіндей, былтыр біз Birge платформасын іске қостық. Бұл платформаға тұрғындар қаланы түрлі бағытта дамыту бойынша ұсыныстар жібереді. Сол сияқты жобаларға дауыс беріп, олардың арасындағы ең жақ­сысын таңдайды. Үздік жобалардың бір бөлігін біз іске асырдық. Қала тұр­ғындары Birge платформасы ар­қылы жол инфрақұрылымы мәселе­леріне қатысты жүгіне алады. Сол сияқты әкімдіктің, оның ішінде ау­дандық әкімдіктердің әлеуметтік же­лілері арқылы да жүгінуге болады. Өз кезегінде мамандарымыз зерттеп, тиісті шаралар қабылдау үшін жұ­мысқа алатын болады. Төртінші. Жоғарыда айтылған­дар­ды ескерер болсақ, тиісті басқарма мен жол ұйымдарына жауапты әрі ауыр міндет жүктеледі. Климаттық жағдайларға байланысты қаламызда абаттандыру уақыты қысқарады. Тиісінше, созылып жүруге әрі сапасыз жұмысқа жұмсайтын уақыт жоқ. Жол жөндеу жұмысы өте сапалы орында­луы тиіс. Сапасыз жұмыстарды қабыл­дамаймыз. Ал тиісті деңгейде орын­далмаса, сотқа береміз, олқылықтарды өз есебінен жөндейтін болады», – деп жазды елорда әкімі.