Биыл Алматы облысында қанша жолдың құрылысы аяқталады?
Биыл Алматы облысында қанша жолдың құрылысы аяқталады?
Фото: kaztag.kz
413
оқылды
Биыл Алматы облысында Күрті-Бурылбайтал, Күрті-Қапшағай, Үшарал-Достық және Шамалған станциясының айналма жолы пайдалануға беріледі. «ҚазАвтоЖолдың» мәліметінше, Күрті-Бурылбайтал аралығындағы 143 шақырым жолдың құрылысы биыл аяқталады. Күрті-Қапшағай (67 шақырым) жобасының бір бағыттағы қозғалысын ашу жоспарда бар. Үшарал-Достық (180 шақырым) тас жолы да пайдалануға берілмек. Сонымен қатар ұзындығы 6 шақырымға созылып жатқан Шамалған станциясының айналма жолының да құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұған дейін Шамалғандағы жолайрық құрылысы мерзімінен кешіккен себебін жазған болатынбыз.