Ернар Баспаев Президент көмекшісі әрі Президент Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
«Ернар Жеңісұлы Баспаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалсын» делінген ресми хабарламада.