Қостанай облысы Лисаковск қаласында әйел құрбысының мәйітін тауып алды, - деп жазады alau.kz.
Бұл туралы Қостанай облыстық ІІД-ның баспасөз қызметі хабарлады.
Оқиға 8 сәуір күні болған. Лисаковск қаласында әйел қонаққа келіп, 56 жастағы құрбысының мәйітін тапты. Үйдің есігі құлыпталмаған.
Сот-медициналық сараптама әйелдің мәйітінде зорлық-зомбылық белгілері бар екенін анықтады.
Қылмыстық кодекстің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.