«Атаң мен енеңе бар дүниеңді көрсетіп...» - Жұлдыз тағы сынға қалды
«Атаң мен енеңе бар дүниеңді көрсетіп...» - Жұлдыз тағы сынға қалды
1,039
оқылды
Қазақстандық белгілі эстрада жұлдызы Қайрат Нұртастың жары, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желіде кезекті рет сынның астында қалды. Бұл жолы Instagram қолданушылары өнер иесін енесінің туған күніне киіп келген киімі үшін сөккен. Қайраттың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова Рамазан айымен тұспа-тұс келген туған күнінде көпшілікке дастархан жайып, ауызашар береді. «Халал» отырыстың соңы думанды тойға ұласқан. Енесінің осы мерекесіне Жұлдыз Әбдікәрімова қоңыр түсті, бір иығы ашық кеудеше мен ақ түсті шалбар киіп келген. Актрисаның оқырмандары енесінің тойына әрі қасиетті айда бұлай киінгенін жақтыра қоймаған. Кейбірі мұны Гүлзира Айдарбекова мен оның қонақтарына деген құрметсіздігі деп түсінді. «Жұлдыз, көйлек киіп келгенде дұрыс болар еді», «Көйлек қайда, жаным-ау?!», «Мынадай іс-шараға көйлек кисеңіз де болар еді ғой дөңгеленіп», «Киген киіміңіз өзіңізге ұнаған болар, бірақ сырт көзге оғаштау көрінді, тіпті ұят!», «Көйлек кисеңіз одан да жақсы болар еді. Қанша фигураңыз әдемі, сұлу болсаңыз да», «Ата-енеге деген, балалардың ата-апасына деген құрмет осы ма?» деген сыңайдағы пікірлерден көз сүрінеді. «Жеңге, келгеніңізге рахмет!» деп жазған қайнысы Заңғардың жазбасынан соң, «Сонда өз отбасыларыңызға қонақ болып жүргеніңіз бе?», «Қонақ болып келсеңіз де, осы елдің келіні деген атыңыз бар, бір көйлек кимедіңіз бе?», «Үстіңізге көйлек табылмады ма? Келін емессіз бе?», «Атаң мен енеңнің алдында барлық дүниеңді көрсетіп...» деп сөккендер де жетерлік. Айта кетейік, Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімованы ажырасып, қайта қосылды деген сыбыс та бар ел ішінде.