Бұрынғы әйелін тапа-тал түсте енесінің көзінше тепкілеп кетті
Бұрынғы әйелін тапа-тал түсте енесінің көзінше тепкілеп кетті
480
оқылды
Бүгін таңертең Нұр-Сұлтан қаласындағы аялдамалардың бірінің маңында ер адам бұрынғы әйелімен арасындағы жағдайды осылай «шешті». Көше бойындағы бейнекамераға түсіп қалған көріністен ұзын бойлы ер кісінің кездеіп қалған келіншекті аямай ұрып, соққыға жыққанын көруге болады. Бұл видео туралы Astanovka98 телеграмм-арнасында жарияланды. Ақпарат көзіндегі деректерге сенсек, жәбірленушінің әпкесі қазір оның есімін әлеуметтік желіде жариялағаны және жасырын нөмірлерден қоңырау шалғаны үшін моральдық шығын талап етіп, оған фейк-парақшалардан хат жазып жатқанын жазады. Ал қалалық полиция департаментінің қызметкерлері бұрынғы әйелін анасының көзінше ұрып-соққан астана тұрғынын іздестіріп жатыр. Құзырлы орган өкілдері ер кісінің бұлтартпау шарасын бұзғанын ла айтуда. Өйткені, 25 жастағы ол азамат осы жылдың наурыз айында екі рет кінәлі деп танылып, сот «ескерту» түріндегі жаза қолданған екен. https://www.youtube.com/watch?v=M07LnEslsZE   Телеграмм-арнасының жазуынша, ерлі-зайыптылардың ажырасқанына 9 айдың жүзі болған, содан бері ер кісі бұрынғы әйеліне маза бермей келеді. Тіпті, жұмыстан шыққан соң да келіншекті анасы мен әпкесі күтіп алуға мәжбүр болған. Астаналық азамат сонда да жасырын нөмірлерден хабарласып, үйдің, жұмыстың айналасын «күзетумен» жүреді. Туыстары полицияға ер кісінің үстінен арызданып жүріп, қорғау нұсқаулығын қол жеткізеді. Оған сәйкес аңдушының жәбірленушіге жақындауына және телефон соғуына тыйым салынған. Бірақ ол бұл шектеулерді де бұған дейін бірнеше рет бұзған. Әйелдің жақындарының айтуынша, сот бірнеше рет кейінге шегеріліп, ер адамға ескерту ғана беріліпті. Олар жыл бойы құзырлы органдарға жүгінумен жүр, бірақ аудандық полиция бөлімі ештеңе істемейді, тек арызды қабылдап алады. Жәбірленушінің әпкесі өзінің және сіңлісінің өмірі үшін қатты қорқады. «Енді онымен қалай күресетінімізді білмейміз, тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңымыз әлсіз» деп отыр.