OITEK орталығы құрылды
OITEK орталығы құрылды
459
оқылды
Елімізде заманауи сәулет өнерін қалыптастыруға бағытталған ғылыми-тәжірибелік орталық құрылды. Негізін қалаушы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Елтаңба авторы, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ «Сәулет» кафедрасының профессоры Жандарбек Мәлібекұлы. Орталық жаңа Қазақстанның келбетін көненің негізінде жаңаша түрлендіретін жаңа толқын сәулетшілерін шығаратын зертханаға айналады. Осы мақсатта тамыры терең тартқан дәстүрлі қала, ауыл, қоныстану мәдениетін зерттеп, іргелі теориялық және тәжірибелік жұмыстар жүргізу көзделіп отыр. OITEK орталық «Мыңжылдықтар бұрын құ­рыл­ған архитектурамыз бар, соларды таныстыру. Балбал тастар, таңбалы тастар, жерасты пантеондары бар. Солардың бәрін зерт­теп, зерделеп жер үстіндегі біздің ескерткіштерді түгел қайтадан қал­пына келтіру үшін реконструкцияға, реставрацияға мамандар даярлауымыз керек. Сондықтан жер бетіндегі Қазақстандағы барлық ескерткіштерін алып, энциклопедия жасап шығарамыз. Сондықтан өзіміздің қанша тектілігімізді біле білсек, соншалықты алға жылжимыз деп ойлаймын», – дейді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Елтаңба авторы, сәулетші Жандарбек Мәлібекұлы.