«AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының кеңейтілген жиналысы өтті
«AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының кеңейтілген жиналысы өтті
540
оқылды
Бүгін Нұр-Сұлтан қалалық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының кеңейтілген жиналысы өтті. Жиын Нұр-Сұлтан қаласының әкімі, партия төрағасы Алтай Сейдірұлы Көлгіновтің қатысуымен өткізілді. Фракция барысында «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» жол картасының тармақтары талқыланды. AMANAT Құрылыс басқармасының басшысы Арсен Жанғасқановтың жол картасын іске асыру бойынша баяндамасы тыңдалды: «Қ.Мұңайтпасов атындағы стадионды қайта жаңарту жұмыстары жүргізіледі. Бұрынғы стадион орнына жаңа спорт кешені салынады». Сонымен қатар, «Биылғы жылы 22 мың орынмен қамтылған 16 мектептің салынуы және дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлеріне арналған 2 жатақхананың құрылыс жұмыстары жүргізіледі. «Ильинка» және «Железнодорожный» дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің жұмыстары мердігерлердің ауысуына байланысты қайта жаңданды» - деді басқарма басшысы. AMANATДене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев баяндамада иппотерапия әдісі арқылы ерекше балаларды оңалтуға арналған ат спорты кешеніннің жұмыстары бойынша есеп берді. Өз кезегінде, Көлік және жол - көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының басшысы Жансұлтан Сапарбаев «Железнодорожный», «Достық» және «Интернациональный» тұрғын алаптарындағы жолдар мен инженерлік желілер салу туралы баяндама жасады. Аталған құрылыс объектілеріне Ұлттық фонд қорынан қажетті мөлшерде қаражат бөлінгенін, қажетті ресурстармен қамтамасыз етілген соң, құрылыс жұмыстарының бірден бастау алатынын жеткізді. AMANAT Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы Әлия Қожабаеваның айтуынша, 2023 жылға дейін салынатын 123 км-лік велосипед жолдарының жұмыстары бекітілген. Сонымен қатар, Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазиев ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау үшін инклюзия кабинеттерінде әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз ету туралы айтты. Басқарма басшысы: «Елордамызда арнайы қорлардың көмегі мен білім ордаларының ұсыныстарымен 5 ресурстық орталық, 20 аутистік спектрі бұзылған балаларға арналған инклюзияны қолдау кабинеті және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған 12 логопункт бар. Жыл сайын мектеп базасындағы кабинеттер саны көбеюде. Салыстырмалы түрде айтсақ, өткен жылы барлығы 15 кабинет болған. Яғни, жылдан-жылға ерекше балаларға арналған білім сапасы мен қолдау артып келеді. 49 арнайы педагог, 169 ассистент педагог жұмыс жасайды.Инклюзивті білім беруді дамыту жоспары құрылды» деді ол өз сөзінде. Шара соңында, фракция депутаттарына «AMANAT» партиясы қалалық филиалының төрағасы Алтай Көлгінов Жол картасы бағдарламасының әр тараптарын бақылауға алуды жүктеп, тексеріс жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуді, нәтижесін халықпен бөлісіп отыруды тапсырды.