Белгілі әнші Қарақат Әбілдина үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізетінін айтып жар салды. «...Үйіміздің ремонты ол басталады. Доллар өскеннен бері бүкіл зат қымбаттап,, стройматериалдың құны ұшты», - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасына. «Сонымен не керек, осы құрылыс әлеміне баспен сүңгиін деп отырмын», - деп жалғастырған жұлдыз көрген-білгенін оқырмандарымен бөлісіп отыруға да уәде береді. Содан соң парақшасына құрылыс туралы көп керекті ақпарат жариялайтынын айтқан. Десе де ол құрылыс компанияларының жеңілдіктеріне көңілі толмайтынын білдірген. «Құрылыс компаниялары, мархабат! Жарнама үшін Қарақат ханымға керемет жеңілдіктер жасайсыздар деген ойдамын! Ханымымыз жарнаманы керемет жасайды» деп жазған оқырмандарының біріне «Соны айтамын да. Жеңілдіктер мәз болмай тұр ғой» деп жауап берген. Пікірлердің арасында «Қымбатшылық сіздерге әсер етіп жатқанда, біз үндемесек те болады екен ғой. Енем ауруханаға түсіп қалды, дәрі-дәрмек ала алмай қиналып отырмыз», - деп мұңын шаққандар да бар.