Бұл сұраққа Кремльдің ресми сайты жауап берген. Ресми ақпарат көзі Ресей президенті Владимир Путиннің 2021 жылдың қорытындылары бойынша кірістері мен мүлкі туралы ақпарат таратты. Онда белгілі болғандай, өткен жылы Путин 10,2 миллион рубль тауыпты. Мұны біздің валютаға шаққанда 55 млн теңгеден асады. Ал 2020 жылмен салыстырғанда 207 900 рубльге, яғни 1 млн 122 теңгеге көп. Сонда көрші елдің президентінің айлық жалақысы 4,6 млн теңгеге жуықтайды. Жарияланған декларацияға сәйкес, Мемлекет басшысы 77 шаршы метрлік пәтердің және 18 шаршы метрлік гараждың иесі. Сонымен қатар Путиннің пайдалануында 153,7 шаршы метрлік пәтер мен 18 шаршы метрлік гараж тағы бар. Ресей президенті құжатқа сәйкес, ГАЗ М21 екі көлік құралына, «Нива» автокөлігіне және «Скиф» тіркемесіне ие. 2020 жылы Путин 9,994 миллион рубль, 2019 жылы - 9,726 миллион рубль, ал 2018 жылы - 8,648 миллион рубль тапқан. Ресей Президентінің кірісі мен мүлкі туралы ақпарат 2009 жылдан бастап жарияланады.