Алматы қалалық сотының мәліметінше, «Алматы спецтехпаркинг сервис» ЖШС директоры Марат Пірінбеков екі айға қамауға алынды.
Тергеу сотының қаулысымен сотқа дейінгі тергеу органының өтінішхаты қанағаттандырылды.
«Тергеу сотының қаулысы бойынша соталды тергеп-тексеру органының өтінішхаты қанағаттандырылды. Сот «Алматы спецтехпаркинг сервис» ЖШС директоры Пірінбековке қатысты бұрын таңдалған 2 ай мерзімге, яғни 2022 жылдың 15 маусымына дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады» делінген соттың хабарламасында.